French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Медиа саласының болашағы туралы кітаптың тұсаукесері өтті
20:11 / 2023-03-28

Біріккен Араб Әмірліктерінің ақпараттық агенттігі – WAM және Ұлыбританияның жетекші аналитикалық орталығы «Генри Джексон қоғамы» бірлесіп медиа индустрияның болашағы туралы «Ақ кітапты» таныстырды.

Лондонда ұйымдастырылған эксклюзивті шараға 60-тан астам медиа ұйымдардың басшылары, парламент депутаттары, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты. Шара барысында сарапшылар «Дезинформация дәуірінде тұрақты медиа ұйым құру» тақырыбын талқылады.

Алқалы басқосуға «Генри Джексон қоғамының» бұрынғы журналисті және зерттеу директоры Марк Сидвелл модераторлық етті. Оған қатысқан WAM бас директоры Мохаммад Джалал Әл-Раиси «Ақ кітап» әлемдік медиа ұйымдары үшін іс-қимыл бағдарламасы болатынына сенім білдіп,. «Біз нұсқаулықты жыл сайын жаңартып отыруды көздеп отырмыз», - деген ол.

«Ақ кітап» 2022 жыл Абу-Даби ұлттық көрме компаниясы – ADNEC Group-пен бірлесіп ұйымдастырылған бірінші Жаһандық медиа конгресстен кейін жарық көрді. Үш күн ішінде іс-шараға 14 мың сарапшы мен қатысушылар келді. Қазіргі уақытта осы жылдың қараша айында өтетін екінші конференцияға қызу дайындық жүріп жатыр.

ӨзА