Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мәдениет министрі Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды
18:43 / 2024-09-06

Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков Қазақстанның «Достық» орденімен марапатталды.

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени қарым-қатынасты нығайтудағы қосқан үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрі Озодбек Назарбековке екінші дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. 

«Өз кезегінде Министр Мемлекет басшысының атынан мұндай жоғары марапатты алу өзі үшін үлкен мәртебе екенін және елдеріміз бен бауырлас халықтар арасындағы мәдени диалогты одан әрі дамытуға және жаңа дәрежеге көтеруге ынталандыру болатынын атап өтті», делінген елшілік хабарында.