Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинети «Санитариялық-инфраструктура объектiлерiн орналастыру және пайдалану және тұрмыстық қалдықтармен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру ережелерiне мәдени мұра объектiлерiн қорғауды күшейтуге бағытталған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулы қабылдады.
Оған сәйкес, Министрлер Кабинетінің 2018 жылғы 2 қазандағы 787-ші қаулысымен бекітілген Санитарлық инфрақұрылым объектілерін орналастыру мен пайдалану және тұрмыстық қалдықтармен байланысты жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Атап айтқанда, қалдықтарды жинау және қайталама шикізатты қабылдау пункттері материалдық-мәдени мұра объектілерінің қорғалатын аумақтарының шекарасынан тыс жерде орналастырылады.
Мәдени мұра жылжымайтын мүлік объектілерінің аумағында көлік пен жаяу жүргіншілер транзиттік қатынасынан көрінбейтін ғимараттардың қасбетінің аймағында қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытша жинау және сақтау орындары ұйымдастырылады.
Материалдық мәдени мұраның жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң бүлiнуiн болдырмау мақсатында олар орналасқан аумақтарға салмағы бес тоннадан асатын ауыр жүк көлiгiнiң кiруiне жол берiлмейдi.
Бұл шешім Өзбекстандағы туристік қызмет көрсету саласын қарқынды дамытуға, әсіресе инфрақұрылымды жақсартуға, қажылық туризмі мен ішкі туризм мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға, сондай-ақ мәдени мұра объектілерін қорғауды одан әрі күшейтуге мүмкіндік береді.