Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Мәдени мұра нысандарына зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді
16:25 / 2022-02-16

Өзбекстанда мәдени мұра объектілеріне зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, «Материалдық-мәдени мұраны қорғауды күшейтуге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға Президент 15 ақпанда қол қойды.

Осыған байланысты мемлекет қорғауындағы материалдық мәдени мұра объектiлерiн қирату, жою немесе бүлдiру бiрнеше рет жасалса немесе елеулi залал келтiрген адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен орыналған жағдайда 5 жылға дейiн мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл әрекет аса ірі көлемдегі залалмен жасалған болса 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мәдени мұра агенттігі мен оның аумақтық департаменттерінің нұсқауларын орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленді.

Бұл құқық бұзушылықты жасаған азаматтарға базалық мөлшерлеменің 3 есесіне дейін (810 мың сумға дейін), лауазымды тұлғаларға базалық мөлшерлеменің 5 есесіне дейін (1 миллион 350 мың сумға дейін) айыппұл салуға әкеп соғады.