Дүниежүзілік денсаулық сақтау желісі (WHN) маймыл шешегін пандемия деп жариялады.
WHN бүгінгі таңда 58 елде тіркелген маймыл шешегінің 3 417 жағдайы расталғанын және індет көптеген елдерде тез таралып жатқанын ескере отырып, қазіргі кездегі маймыл шешек індетін пандемия деп жариялайтынын хабарлады.
Пандемияны жариялаудың негізгі мақсаты - көптеген елдерде немесе бүкіл әлемде кең таралған зиянның алдын алу үшін бірлескен күш-жігерге қол жеткізу.
Ұйым дерегінше, аурудың таралу қарқыны да, ауқымы да артып отырғаны атап өтіп, қажетті шаралар дер кезінде қабылданбаса, бұл қауіпті дерт болашақта миллиондаған адамдардың өліміне, мүгедек болуына әкелуі мүмкін.
«Біз шұғыл шаралар қабылдау арқылы ауруды ауыздықтай аламыз. Ол үшін инфекцияның белгілері мен асқынулары, сақтық шаралары туралы халықтың хабардарлығын арттыру керек», делінген хабарламада.