Аңыз баскетболшы Майкл Жорданның кроссовкасы аукционда сатылды.
Оның 1996 жылғы НБА финалының бесінші ойынында «Чикаго Буллз» құрамында «"Сиэтл Суперсоникске» қарсы (78:89) ойында пайдаланған кроссовкасы аукционда 482 мың долларға сатылды.
Кездесу 1996 жылы 14 маусымда Сиэтлде өтіп, Жордан бұл ойында 43 минут ойнады. Ол 26 ұпаймен ойынның ең нәтижелі баскетболшысы атанды. Бірақ Майклдың бұл әрекеттері «Чикагоның» жеңіске жетуіне жеткіліксіз болды. Кездесуде «Суперсоникс» жеңіске жетті.
Бұған дейін Майкл Джорданның басқа да жабдықтары Sotheby's аукционында сатылымға қойылған болатын. Майклдың жейдесі рекордтық көлемде 10,1 миллион долларға сатылған. Ол 1998 жылғы финалдың алғашқы матчында осы жейдемен өнер көрсеткен. Осы жылдың ақпан айында Sotheby's Жорданның дүкенде 6 жұп Air Jordan кроссовкаларын 8 миллион долларға сатты.