12-17 қарашада Ташкентте Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) жылдық конвенциялық отырысы өтеді.
Кәсіпқой бокс әлемінің ең танымал жұлдыздары қатысатын осынау конференцияда аты аңызға айналған Майк Тайсон кезінде чемпиондық мансапқа қол жеткізген ондаған чемпиондармен бірге Ташкентке келетінін ресми түрде растады.
Қазіргі таңда Жастар саясаты және спорт министрлігі, Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясы және серіктес ұйымдар Орталық Азия аймағында алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл тарихи конференцияға қызу дайындық үстінде.
Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясының төрағасы Умид Якубовтың айтуынша, бұл конференцияда Эвандер Холифилд, Амир Икбал Хан, Константин Цзю сынды танымал боксшылар да Ташкентке келеді.
WBC ұйымының 61-ші съезі аясында 17 қараша күні Ташкент қаласындағы «Humo Arena» спорт сарайында бірқатар танымал былғары қолғап шеберлерінің қатысуымен бокс кеші ұйымдастырылады.