Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жек өткізуге келісті
Алдын ала болжам бойынша бұл жекпе-жек қыркүйек айында АҚШ-та өтуі және 8 раундтан тұрары айтылған
Бокс тарихында қайталанбас былғары қолғап шеберлері Майк Тайсон мен Рой Джонс осы күзде жекпе-жек өткізуге келісті.
Супер ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы әйгілі Майк Тайсон бұған дейін шоу жекпе-жектеріне қатысуға бар күшін салып жаттығуға белсене кіріскен видеолары желіде тараған болатын. Жаттығулар барысында ол кез-келген боксшымен рингке шығуға дайын екенінде мәлімдеген.
Осы жағдайға орай бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы кіші Рой Джонс отандасы Майк Тайсон мен жұдырықтасуға келісім берген. Аңыздар арасындағы шайқас осы апта соңына дейін нақты күні белгілі болады. Алдын ала болжам бойынша бұл жекпе-жек қыркүйек айында АҚШ-та өтуі және 8 раундтан тұрары айтылған. Боксшылар келісім-шарт бойынша да ортақ мәмілеге келген.
54 жасты қарсылаған Майк Тайсон 1985-2005 жылдар аралығында ауыр салмақта рингке шыққан болса, Рой Джонс 1989-2018 жыл кезеңінде 75 мәрте жекпе-жеке өткізген.