Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегінің жеңімпазы «WBC Frontline Battle Belt» белбеуіне иелік етеді
12:41 / 2020-10-29

Бокс аңыздары арасындағы шоу жекпе-жегі 28 қараша күні Калифорния штатында өтеді


Бокс аңыздары Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс арасындағы шоу жекпе-жегінің жеңімпазы Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) арнайы «WBC Frontline Battle Belt» белбеуіне иелік ететін болады.

ESPN журналисі Ариэль Хельвани Twitter-де қалдырған хабарламасына сай, бұл WBC белбеуі «Frontline Battle Belt» («Алдыңғы шептегі шайқас белбеуі») деп аталатын болып, оған арнайы мына сөз жазылған «Black Lives Matter» («Қаралар өмірі маңызды»).

ElR5nxRXEAA-FFG-680x289.jpg

АҚШ-тың Калифорния штатында 12 қыркүйек күні өтуі жоспарланған бұл бокс кеші күтпеген жағдайда 28 қараша күнге ауысқан. «The Ring» таратқан ақпаратқа сай ұсыныс Тайсон командасынан шыққан.

Бұған дейін ринг корольдері арасындаға жекпе-жек ережесіне өзгеріс енгізіліп екі боксшының қауіпсіздігі үшін оларды рингке шлеммен шығып 18 унциялық қолғаппен жұдырықтасуын белгілеген және боксшыларға нокауттан аулақ болуға кеңес айтылған.