Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегінің ережесі өзгерді
Жекпе-жек ұйымдастырушылары екі боксшының қауіпсіздігі үшін оларды рингке шлеммен шығып 18 унциялық қолғаппен жұдырықтасуын белгілеген
АҚШ-тың Калифорния штатында 12 қыркүйек күні өтуі жоспарланған аңыз боксшылар арасындағы шоу жекпе-жектің ережесі өзгерді.
Жекпе-жек ұйымдастырушылары екі боксшының қауіпсіздігі үшін оларды рингке шлеммен шығып 18 унциялық қолғаппен жұдырықтасуын белгілеген және боксшыларға нокауттан аулақ болуға кеңес берген.
Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) басшысы Маурисио Сулейман бұл екі боксшының денсаулығына қатысты олардың 12 унциялық қолғаппен жұдырықтасуына алаңдаушылық танытып «бұл шоулы шайқас тек көрермендер көңілін көтеру үшін ғана өткелі тұр. Олардың денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайды», деген еді.
Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы боксшылар бір-бірін нокаутқа түсіруге талпынбауы керек деп ескерткеніне қарамастан, Майк Тайсон Ройды нокаутқа түсіруге тырысатынын мәлімдеді. Ал Рой Джонс осы жекпе-жек алдында Тайсонның 1997 жылда Холифльдке жасаған тірлігіне орай өз құлағын сақтандыруға шешім қабылдаған.