Майк Тайсон мен Рой Джонс жекпе-жегі басқа күнге көшірілді
Аңыз боксшылар арасындағы шоу жекпе-жектің өту мерзімі көбірек қаржы жинау мақсатында басқа күнге шегерілді
Аңыз боксшылар арасындағы шоу жекпе-жектің өту мерзімі көбірек қаржы жинау мақсатында басқа күнге шегерілді.
АҚШ-тың Калифорния штатында 12 қыркүйек күні өтуі жоспарланған бұл бокс кеші күтпеген жағдайда 28 қараша күнге ауысқан. «The Ring» таратқан ақпаратқа сай ұсыныс Тайсон командасынан шыққан. Сондағысы осылай болса көбірек табыс табады екен. Ал Джонс командасы да бұл ұсынысты мақұлдап ринг кешін кешіктіруге келісім берген.
Бұған дейін ринг корольдері арасындаға жекпе-жек ережесіне өзгеріс енгізіліп екі боксшының қауіпсіздігі үшін оларды рингке шлеммен шығып 18 унциялық қолғаппен жұдырықтасуын белгілеген және боксшыларға нокауттан аулақ болуға кеңес айтылған болатын.