Майк Помпео: Өзбекстан аймақта үлгілі елге айналды
АҚШ Мемлекеттік хатшысы адам саудасы туралы жасаған жылдық баяндамасында Өзбекстанның мәжбүрлі еңбекке қарсы күрестегі әрекеттерін жоғары бағалады
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео адам саудасы туралы жасаған жылдық баяндамасында Өзбекстанның мәжбүрлі еңбекке қарсы күрестегі әрекеттерін жоғары бағалады.
Баяндамада автор Орталық Азияның кейбір елдерінде мақта өнеркәсібінде және басқа салаларда азаматтарды мәжбүрлі еңбекке баулудың ұзақ тарихы бар екеніне тоқталып, осы пролемалы жағдайлармен күрес бойынша бүгінгі күнде бүкіл аймаққа Өзбекстанды үлгі ретінде көрсетіп елдің күш-жігерін жоғары бағалаған.
«Біз адам саудасына өте үлкен мән береміз және оған қарсы күресті мемлекеттік деңгейде қолдаймыз. Бұл келеңсіз қасіретті жою - кез келген мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі: адам құқығын таптау емес, оны қорғау керек. Америка Құрама Штаттары әлі де құлдықта жүргендерді босату үшін күш салуды жалғастырады. Біз азат болған жандардың өмірден өз жолын табуына және оларды азаптаған адамдарды жазалауға көмектесеміз», - деген Майк Помпео.
Автордың баяндамасы АҚШ-тың ұлттық заңнамасын экстрриториялық қолдану негізінде - адам саудасының құрбандарын қорғау туралы заңға (Trafficking Victims Protection Act «TVPA») негізделген үш категория бойынша елдер мен аймақтарды қамтиды.
- Бірінші санатқа, Вашингтон айтқандай, адам саудасына қарсы белсенді күрес жүргізетін елдер кіреді.
- Екіншісіне TVPA-да көрсетілген стандарттарға толық сәйкес келмейтін, бірақ қажетті күш-жігерді жұмсайтын елдер орын алған.
- Үшінші санатқа TVPA стандарттарына толық сәйкес келмейтін және күш-жігерлері жағдайды жақсартуға бағытталмаған елдер осы санатқа жатады.