Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Майк Пампео: Коронавирус Ухань лабораториясында жасалған
10:39 / 2020-05-05

Бүгінге дейін жер бетінде 3,6 миллионға жуық жан вирус жұқтырған болса, соның 1,2 миллонға жуығы АҚШ есесіне тура келеді


Ресми Вашингтонда COVID-19 коронавирусын Қытайдың Ухань зертханасында пайда болғанына көптеген дәлел бар. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео мәлімдеді.

Пампеоның айтуынша: Біз коронавирус Уханда пайда болды деп әуел бастан айттық. Бұл вирустың Ухандағы зертханадан шыққанына бізде сенімді дәлелдер бар. Қазір оны бүкіл әлем көре алады, деген. Алайда ол журналистердің көптеген сұрақтарына жауап беруді құп санамай ««Біз барлық осы сұрақтарға жауап алу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Біз сол вирус жасалған жерге мамандар жіберуге тырысып жатырмыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сол жерде және басқа зертханаларға сарапшылар тобын жіберуге тырысуда. Бірақ Қытай Коммунистік партиясы олардың зертханаларға кіруіне тыйым салуды жалғастыруда», - деп өз мәлімдемесін жасаған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі вирустың зертханадан таралғаны туралы дәлел бар деп мәлімдеп Қытайды халықаралық жазаға тарту керек деген. Қазіргі уақытта Уханьда пайда болып әлемге тараған осы індеттен ең көп жапа шеккен ел осы АҚШ. Бүгінге дейін жер бетінде 3,6 миллионға жуық жан вирус жұқтырған болса, соның 1,2 миллонға жуығы АҚШ есесіне тура келеді. Оның 68934 жағдайы өліммен аяқталса, 187180 кісі аурудан сауыққандар ретіне жатады.