ФОТОРЕПОРТАЖ
Қашқадария облысы Қамашы ауданына қарасты Майданак тауларында жауған қалың қар туралы хабарлардың көпшіліктің назарын аударуы тегін емес. Мұндағы кейбір аумақтарда қар қалыңдығының 2–3 метрге дейін жеткені бейнеленген көріністер кез келген жанды, тым болмаса бір рет болса да, тауға қарай жол тартуға жетелейді. Бұл сұлу суреттер бізді де бейжай қалдырмады.
[gallery-27002]
– Майданақ кеңістігінің климаты ерекше әрі баға жетпес, – дейді «Катта Ура» махалла азаматтар жиынының әкім көмекшісі Зокир Рузибоев. – Қыс мезгілінде бұл өңірде қар тұрақты түрде жауады, кейде оның қалыңдығы 3–4 метрге дейін жетеді. Мұның өзі-ақ көптеген жергілікті туристердің қызығуын оятып, осында келуге деген ынтасын арттыра түсуде. Ал болашақта осы аумақта ашылатын туристік орталық келушілер санын екі-үш есеге арттырады деп күтіліп отыр.
Табиғаттың осындай таң ғажайып сыйы Майданакты қысқы туризм үшін айрықша тартымды мекенге айналдырып, келген жандардың көңілін бір селпіртіп тастап демалысын ерекше мәнді де сәнді өтуіне ықпал етуде.
суреттерді түсірген Ж.Норқобилов, ӨзА