Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Маусым айында Өзбекстандағы ең көп жаяу жүргіншіге 1,8 млн сум ақша төленді
09:59 / 2021-07-15

2021 жылдың 10 мамырынан бастап Өзбекстан халқы арасында жаяу жүруді насихаттауға бағытталған «Салауатты өмір салты» (1hls.uz) платформасы тестілік режимде іске қосылып, ресми түрде 1 маусымда өз жұмысын бастаған болатын.

Осыған орай платформада тіркеуден өткен республика аудандары бойынша 203 жеңімпаз анықталды.

2021 жылдың маусым айының қорытындысына сай Ташкент қаласы Юнусабад ауданының тұрғыны Тимур Рафикович Ахмадуллин жеңімпаз деп танылып, 1 миллион сум ақшалай сыйлыққа ие болды. Ахмадуллин тек республикада ғана емес, аудан және облыста жеңіске жеткендіктен, оның электронды әмиянына 1,8 миллионнан астам сомма түскен. Тимур ол үшін маусым айында небәрі 890 947 қадам жүрген.

Жалпы маусым айында «Салауатты өмір салты» (1hls.uz) платформасының аудандық, облыстық және республикалық кезеңдерінің жеңімпаздарына барлығы 68 миллион 900 мың сум ақшалай сыйақы берілген.

Халық арасында серуендеу мен жүгіруді насихаттау мақсатында іске қосылған «Салауатты өмір салты» платформасы алкоголь мен темекі сатушылардан алынатын арнайы төлем есебінен қаржыландырылады.