Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Маттео Берреттини «Boss Open» турнирінде жеңіске жетті
11:53 / 2022-06-13

Германияның Штутгард қаласында өткен «Boss Open» турнирінде италияндық теннисші Маттео Берреттини жеңіске жетті.

Финал кездесуінде әлемнің 10 ракеткашысы саналатын Маттео Берреттини АТР рейтингінде 68 орындағы британдық Энди Марреиді 6/3, 5/7, 6/3 есебінде жеңіп, турнир чемпионы болды.

Boss Open турниріндегі  сәтті жеңіс Берреттиниге 250 рейтингтік ұпай мен 105 290 еуро көлемінде ақшалай сыйлық әкелді. Бұл Маттеоның мансабындағы алтыншы, жасыл корттағы үшінші жүлдесі болды. Ол 2019 жылы Штутгартта өткен турнирде де бас жүлдені жеңіп алған болатын.