Матеу Лаос төреші ретіндегі мансабын аяқтады
Испаниялық төреші Матеу Лаос жасыл алаңдағы төрешілік мансабын аяқтады.
ESPN басылымыынң хабарлауынша, 46 жастағы төреші Испанияның элиталық дивизионында 15 жыл қызмет етті. Ла Лиганың соңғы турында өткен «Мальорка» мен «Райо Валекано» (3:0) кездесуінде қос команданың ойыншылары оған құрмет дәлізін ұйымдастырған.
Лаос 2018 және 2022 жылдарда өткен әлем чемпионатын және 2021 жылғы Чемпиондар лигасының финалында төрелік етті. Ең кейінгі әлем чемпионатында ол Аргентина мен Нидерланды арасындағы ширек финалды қосқанда 3 матчта төрешілік етті.