Mastercard Өзбекстанда өз өкілдігін ашады
Mastercard Өзбекстандағы алғашқы ресми өкілдігінің ашылғанын хабарлады. Бұл туралы 2023 жылы 16 мамырда Самарқандта өтіп жатқан Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Директорлар кеңесінің 32-ші жыл сайынғы отырысында айтылды.
«Ресми кеңсені ашу бізге жергілікті жерде қажеттіліктерді жақсы түсінуге мүмкіндік береді және біз ең заманауи цифрлық технология шешімдерін ұсынуға ынталы боламыз. Баршаның игілігі үшін цифрлық экономиканы дамыту бойынша ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін таяу жылдарда белсендірек және тиімді жұмыс істейтінімізге сенімдімін», - деді Mastercard компаниясының ЭEMEA (Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс, Африка) аймағы бойынша президенті Димитриос Досис.
Конференция аясында Орталық Азиядағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту және шағын бизнес иелері, әсіресе әйелдер үшін цифрлық мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында Mastercard инклюзивті даму орталығы Еуропалық қайта құру және даму банкімен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.