Масқат – Ташкент авиақатынасы жолға қойылады
Өзбекстан Көлік министрлігіне қарасты Азаматтық авиация агенттігінің хабарлауынша, 2025 жылғы 2 сәуірден бастап «Oman Air» әуе компаниясы Масқат – Ташкент – Масқат бағытында тұрақты рейс орнатуға ресми рұқсат алды.
Бұл қадам Өзбекстан мен Оман арасындағы үкіметаралық авиациялық келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Хабарда айтылуынша, рейстер «Boeing-737» ұшағымен орындалады.
Жаңа әуе қатынасы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туризм және мәдени байланыстардың одан әрі жандануына серпін береді деп күтілуде.