Маскат қаласында Оман-Өзбекстан бизнес-форумы өтті
Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Оманға сапары барысында Маскат қаласында өткен бизнес-форумға қатысты.
Сыртқы істер министрі форум екі жақтың да ынтымақтастықты дамытуға ұмтылып отырғанының көрсеткіші екенін жазған.
«Бүгін Маскатта өткен бірінші Өзбекстан-Оман бизнес-форумы ақпараттық технологиялар, химия, көлік-логистика, тоқыма, автомобиль, мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да маңызды салалардан 150-ден астам бизнесмен және кәсіпорынның басын қосты. Бұл екі жақтың да ынтымақтастықты дамытуға ұмтылып отырғанының көрсеткіші. Форум Өзбекстан мен Оман арасындағы экономикалық серіктестіктің кеңеюіне ықпал ететініне сенімдіміз», деп жазған СІМ басшысы өзінің телеграм-каналында.