Masdar компаниясы Өзбекстанда тағы бір жел электр станциясын салады
Баку қаласында өтіп жатқан COP29 саммиті аясында Өзбекстанның Энергетика министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компаниясы арасында Науаи облысы, Үшқұдық ауданында қуаты 1000 МВт болатын жел электр станциясын салу жөнінде келісімшартқа қол қойылды.
Аталған жел электр станциясының құрылысы кезінде 600-800 жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба іске асқаннан кейін жылына 3,5 млрд кВт/сағ электр қуатын өндіру жоспарланып, 1 млрд текше метр табиғи газ қоры үнемделмек.
Бұл жел электр станциясын салу арқылы атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды жылына 1,4 млн тоннаға қысқартуға мүмкіндік туады.
Өзбекстан мен Masdar компаниясының серіктестігі аясында бұған дейін жалпы қуаты 1497 МВт болатын жобалар жүзеге асырылған.
Сонымен қатар, Бұхара облысының «Олот» ауданында (250 МВт) және Қашқадария облысының «Ғузар» ауданында (300 МВт) күн электр станцияларының құрылысы жүріп жатыр.