Өзбекстанның Самарқанд және Жызақ облыстарында әрқайсысының қуаты 220 МВт болатын екі күн электр станцияларын салуға арналған халықаралық тендердің нәтижелерін жарияланды. Онда Біріккен Араб Әмірлігінің «Masdar» компаниясы жеңімпаз деп табылған.
Тендердің алғашқы іріктеу аясында Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей, Испания, Норвегия және Франциядан 18 компания қатысып, олардың 15-і конкурстан сәтті өтті.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің хабарлауынша, қатысушы компаниялардың конкурстық өтінімдерін бағалау нәтижелері бойынша Жызақ облысындағы 7 компанияға және Самарқанд облысындағы 6 компанияға электр энергиясының тарифтері бойынша қаржылық ұсыныстар ашуға рұқсат берілген.
«Abu Dhabi Future Energy Company PJSC» (Masdar, БАӘ) өндірілген электр энергиясының 1 кВт/сағ үшін 1823 АҚШ центі мөлшерінде Жызақ облысында күн электр станциясын салу жөніндегі халықаралық тендердің жеңімпазы деп жарияланды.
Ал, Самарқантда бой көтеретін күн электр станциясының тарифі бойынша 1 кВт/сағ үшін 1 791 АҚШ цент бағамен «Abu Dhabi Future Energy Company PJSC» (Masdar) компаниясы тендерді жеңіп алған.
Жоспар бойынша күн электр станциялары 2022 жылдың соңына дейін пайдалануғңа беріледі деп күтілуде. Электр станцияларын пайдалануға беру жылына 1,04 млрд кВт/сағ көлемінде энергия өндірісімен қамтамасыз етеді.
Халықаралық қаржы корпорациясының қатысуымен жүргізілген келіссөздер барысында Самарқандтың «Каттакурган» ауданында және Жызақ облысының «Ғаллаорол» ауданында құрылыс салынатын алаңдар таңдалды. Осы екі жобаны іске асыруға тартылған инвестиция көлемі 400 млн долларды құрайды.