Мароккода тұрғын үйдің құлауы салдарынан 19 адам қаза тапты
Марокконың солтүстігіндегі Фес қаласында екі тұрғын үйдің опырылып құлауы салдарынан 19 адам қаза тапты.
«Anadolu» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға нәтижесінде 16 адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алған.
Құтқару қызметтері, қауіпсіздік күштері және азаматтық қорғаныс ұйымдары оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатыр.
Қауіпсіздік мақсатында құлаған ғимараттар маңындағы аумақ қоршауға алынып, көрші үйлердің тұрғындары эвакуацияланған.