Мароккода су тасқынынан 21 адам қаза тапты
Марокконың Атлант мұхиты жағалауында орналасқан Сафи өңірінде нөсер жауын салдарынан су тасқыны болды.
MEDI1TV телеарнасының хабарлауынша, Сафи өңірінің жергілікті билігі жексенбі күні жауған қатты жаңбыр мен найзағайдың салдарынан болған су тасқынынан қаза тапқандар саны 21 адамға жеткенін мәлімдеген.
Марокко бұқаралық ақпарат құралдарының дерегіне сүйенсек, Сафи қаласында, яғни аттас провинцияның әкімшілік орталығында шамамен 70 үй мен дүкенді су басқан.
Ақпаратқа сәйкес, 32 адам жарақат алған. Құтқару қызметтері хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстарын жүргізіп, табиғи апаттан зардап шеккен аумақтарға жетуге күш салып жатыр.