Марокко жер сілкінісінің салдарын жоюға 11 миллиард доллар жұмсайды
Марокко үкіметі елдегі жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға 11 миллиард доллардан астам қаражат жұмсауды жоспарлап отыр.
Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, апатты қалпына келтіру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 120 миллиард дирхам (шамамен 11,69 миллиард доллар) қажет.
Еске салар болсақ, Мароккода 8 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 23:10-да күші 7 балдық жер сілкінісі болды.
Күшті жер сілкінісінен кейін жүздеген афтер сілкіністер тіркеліп, олардың ең күштісі 6 баллға жетті.
Марракеш аймағындағы жер сілкінісі ел тарихындағы соңғы жүз жылдағы ең күшті жер сілкінісі болды, деп хабарлады Марокко ұлттық геофизика институты.