Марокко құрамасы Араб кубогының жеңімпазы атанды
Марокко құрамасы Қатарда өткен Араб кубогының жеңімпазы атанды.
Дохадағы «Лусаил» стадионында өткен финал кездесуде Марокко футболшылары алғаш болып Иордания қақпасына гол соқты. Екінші таймда иорданиялық футболшылар екі мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеп, алға шыққан еді.
Алайда Абдерраззак Хамдалла жеңіліспен келіспей, 87-минутта есепті теңестірді. Ал қосымша уақытта дәл осы ойыншы жеңіс голын соғып, матч тағдырын шешті.
Осылайша, Марокко 2025 жылғы Араб кубогының чемпионы атанып, өз тарихында бұл атақты екінші рет иеленді.