Англияның Шеффилд қаласындағы Crucible театрында өткен снукер бойынша әлем чемпионатында Британдық Марк Селби төртінші рет әлем чемпионы атанды.
Турнир финалында ол отандасы 38 жасты Шон Мерфиді 18:15 есебімен жеңді. Бұл Селбидің соңғы 4 жылдағы әлем кубогындағы алғашқы жеңісі – ол бұған дейін 2017 жылы жеңіске жеткен болатын. Сонымен қатар 2014 және 2016 жылдары әлем чемпионатында үздік атанған.
Ал, Шон Мерфи 16 жылдан бері әлем біріншілігінде жеңіске жете алмай келеді. Оның алғашқы және жалғыз жеңісі 2005 жылда орындалған еді.
Өткен жылы бұл турнирде 45 жасты Ронни О'Салливан жеңіске жеткен болатын. Биылғы маусымда ол жартылай финалда ұтылып қалды. Ронни снукер тарихында алты реттен жеңіс шыңын бағындырған.
Әлем біріншілігіндегі көш басын шотландиялық Стивен Хендри бастап тұр. Ол дүбірлі дода да 7 мәрте чемпиондыққа қол жеткізген. Дегенмен ол 2012 жылы снукердегі мансабын аяқтаған.