Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Марк Цукерберг Facebook пен Instagram-да енді фактчекинг болмайтынын мәлімдеді
15:20 / 2025-01-08

Meta корпорациясы өз платформалары – Facebook, Instagram және Threads микроблог сервисінде фактчекерлер қызметінен бас тартатынын хабарлады.

Марк Цукербергтің айтуынша, қазіргі жүйе «өте көп қателіктер мен цензураға әкеліп соққан». «Біз ережелерді жеңілдетеміз және платформаларымызда сөз бостандығын қайтарамыз», – деген ол.

Енді Meta платформаларында Илон Масктың Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі сияқты басқа пайдаланушылардың ескертулері пайда болады.

Сонымен қатар, пайдаланушылар желі ережесін бұзатын жазбаларға шағым жасау мүмкіндігін сақтайды. Бұл шағымдар контентті автоматты сканерлеу нәтижелерінен бұрын қаралады.

Сондай-ақ Meta «өз таспасында көргісі келетін» пайдаланушылар үшін саяси контенттерді жасыруды тоқтатады.

Facebook-та фактчекинг жүйесі 2016 жылы Ресейдің «тролльдер фабрикасы» АҚШ президенттік сайлауына араласқан дауы кезінде енгізілген болатын. Фактчекингті Meta қызметкерлері емес, негізінен кәсіби журналистер мен редакторлардан құралған басқа ұйымдар жүргізген.