Марин Чилич «St.Petersburg Open» чемпионатының жеңімпазы атанды
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында теннистен ATP бойынша турнир аяқталды.
Турнирдің финалында әлемнің 35-ші ракеткасы хорватиялық Марин Чилич рейтингте өзінен жеті саты жоғары тұрған америкалық Тейлор Фритске қарсы кортқа шығып, қарсыласын үш сетте ұтты. Есеп - 7/6 (3), 4/6, 6/4.
Екі сағат 25 минутқа созылған бәсекеде Марин 12, Тейлор 10 эйс соқққы жасаған.
Санкт-Петербургтегі сәтті жеңіс Чиличке 250 рейтингтік ұпай және 84 720 доллар жүлде әкелді. Бұл хорватиялық спортшының маусымдағы екінші, ал мансабындағы 20-шы жеңісі болды.
АҚШ теннисшісі Тейлор Фритс турнирдегі қатысуымен 150 ұпай және 60 740 долларға ие болды.