Марадонаның құметіне ескерткіш мүсін қойылды
Әйгілі футбол аңызы Диего Армандо Марадонаның құрметіне Аргентинадағы стадион алдында оның ескерткіш мүсіні қойылды.
Мүсін Сантьяго-дель-Эстеродағы «Unico Madre de Ciudades» стадионында орнатылған. Оның ашылу салтанаты 2022 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу аясында Аргентина мен Чили арасындағы кездесу алдынан өтті.
Кездесуде Аргентина ойыншылары артқы жағында 10 нөмірі бар арнайы жейделермен алаңға шықты. Матч 1:1 есебімен аяқталды.
Еске салар болсақ, Аргентина ұлтық құрамасының бұрынғы шабуылшысы, футбол тарихындағы аңыз аладоп шебері Диего Марадона өткен жылдың 25 қарашасы күні 60 жасында қайтыс болды.