Марадонаның өліміне қатысты жаңа деректер жарияланды
Аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты тергеу жұмыстарын жүргізген елдің Бас прокуратурасы дәрігерлерді абайсызда адам өліміне себепші болды деп айып тақты.
France24 басылымының хабарлауынша, Аргентина прокурорлары футболшы Диего Марадонаны емдеген сегіз дәрігерді абайсызда адам өлтірді деп айыптаған.
Сегіз дәрігердің арасында нейрохирург пен отбасылық дәрігер Леопольдо Луке, психиатр Агустина Косачов және психолог Карлос Диас адам өліміне әкеп соқтырған әрекетсіздікке байланысты айыпталып отыр.
Әйгілі футбол аңызы Диего Армандо Марадона 2020 жылдың 25 қарашасында 60 жасқа келген шағында қайтыс болған еді.