English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Марадонаның өліміне байланысты жеті дәрігерге айып тағылды
23:26 / 2021-05-20

Аргентиналық аңыз футболшы Диего Марадонаның өліміне байланысты Сан-Исидро қаласының Бас прокуратурасы жеті дәрігерге айып тақты.

EFE агенттігінің дереккөзіне қарағанда, олар 8 жылдан 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Прокуратураның хабарлауынша, әйгілі футболшының денсаулығына жауапты дәрігерлер тобы оның саулығына немқұрайлы қарап, жағдайына жеткілікті назар аудармаған. Осыған байланысты дәрігерлерге Аргентина шекарасынан шығуына тыйым салынды.

Әйгілі футбол аңызы Диего Армандо Марадона өткен жылдың 25 қарашасында 60 жасқа келген шағында қайтыс болды

Марадонаның өліміне инфаркт себеп болған делінеді. Алайда, полиция оны емдеген дәрігер Леопольдо Люк пен қайтыс болған күні оның үйінде кезекшілік еткен медбике немқұрайлы қарады деп күдік танытқан.

Токсикологиялық тексеру барысында Марадонаның денесінде алкогольдің немесе есірткінің іздері анықталмаған. Сондай-ақ, криминологтар спортшының қаны мен зәріне анализ жасап, оның құрамында тек психотроптық дәрілер бар екенін айтқан еді.

Диего Марадона футболшылық кезеңінде «Барселона», «Наполи» және «Севилья» сынды әлемнің ең үздік клубтарында ойнады. 1977-1994 жылдары ол Аргентина ұлттық құрамасы сапында ойын көрсетіп 1986 жылғы Әлем кубогын жеңіп алды және 1990 жылғы Әлем чемпионатында күміс медалға қол жеткізді. «FIFA» сайтындағы сауалнама нәтижесінде ол ХХ ғасырдың үздік ойыншысы деп танылды.