Манилада «Вамко» тайфуны салдарынан су тасқын орыналды
Филиппин астанасы Манилада «Вамко» тайфуны салдарынан қоғамдық көлік жүруі шектеліп, порт жабылды және әуе қатынасы тоқтатылды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, тайфун салдарынан болған нөсерлі жаңбыр мен су тасқынынан Манилада 3 миллиондай үй жарықсыз қалып, адамдар өздерімен бірге бағалы заттар мен үй жануарларын алып жүргендігі айтылған.

Манилада қоғамдық көліктер жұмысы тоқтап, әуежайлар мен теңіз порттары жабылды және мемлекеттік органдардың жұмысы шектелген. Алдын ала мәліметтер бойынша, апат салдарынан бір адам қайтыс болған.