«Манчестер Юнайтед» ресми түрде жаңа бапкерді жариялады
«Манчестер Юнайтед» клубы осы маусымның соңына дейін команданы басқаратын жаңа бапкерді ресми түрде жариялады.
Клубтың ресми сайтындағы хабарламаға сай, «Қызыл құбыжықтарды» маусым соңына дейін геманиялық менеджер Ральф Рангник жаттықтыратын болады.
Келісімшарт бойынша неміс маманы маусым аяқталғаннан кейін клубта екі жыл кеңесші болып жұмыс істейді.
Ал, Уле Гуннар Сульшер отставкаға кеткеннен кейін «Манчестер Юнайтед» клубын қатарынан екі ойында басқарған Майкл Кэррик бапкерлер штабында қалады деп күтілуде.
Бүгінде 63 жастағы Ральф Рангник 2015-2019 жылдары «Лейпциг» клубын басқарған. Ол 2021 жылдың жазынан бері ресейлік «Локомотив» клубының спорттық істер және даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген болатын.