«Манчестер Юнайтед» Рафаэль Варанның трансферін жариялады
«Манчестер Юнайтед» пен «Реал» қорғаушы Рафаэль Варанның трансферінің барлық параметрлері туралы келісімге келді.
Sky Sport-тың хабарлауынша, 28 жастағы француздық «Олд Траффордқа» ауысуы қызыл құбыжықтарға бонустарды қоса есептегенде 48 миллион еуроға түскен. Бұл барлығына дерлік пайда әкелетінін айтылады сайт ақпаратында.
Француздық футболшы медициналық тексерістен өткеннен кейін жаңа командасымен келісімшартқа отырады.
Варан өткен маусымда «Реал» сапында Ла Лига ойындарында 31 кездесу өткізіп, екі гол соққан.