Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Манчестер Юнайтед» клубы сатылады
18:44 / 2020-02-16

Алекс Фергюсон клубтан келткелі команда ілгерідегі сынды жоғары жеткістіктерге қол жеткізе алмай келеді


«Манчестер Юнайтед» клубы маңдайына біткен біртуар тұлға Сэр Алекс Фергюсон клубтан келткелі команда ілгерідегі сынды жоғары жеткістіктерге қол жеткізе алмай келеді.

Daily Mail басылымының хабарлауынша «Манчестер Юнайтед» клубын 2005 жылы 790 миллион фунтқа сатып алған Глейзерлер отбасы клубты сатуы жайлы мәлімдеп, бағасын 2,4 миллиард фунт деп жариялаған.

Қазірге «Манчестер Юнайтед» клубының не себепті сатылуы жайлы нақты деректер жоқ. Экономистердің пікірінше клубты сатып алуға қауқары жететін жер бетінде небәрі 20 миллиардердің байлығы жетеді екен. Сонымен қатар сатып алушы міндетіне клубтың үй алаңы «Олд Траффорд» стадионын қайта жөндеуден өткізу міндеті қойылған. Ал оны толықтай қайта жөндеуге 200 миллион фунт қаржы қажет.