«Манчестер Сити» төменгі дивизионға түсіп кетуі мүмкін
«Манчестер Сити» Англия премьер-лигасынан төменгі дивизионға түсіп кетуі мүмкін.
Sky Sports хабарлауынша, Премьер-Лига клубқа қаржылық бұзушылық жасағандықта 115 айып таққан. Айыптаулар жайлы қазірше жарияланбады.
Егер «Манчестер Сити» сотта өзін ақтай алмаса, төменгі дивизиондардың біріне түсуі мүмкін.
Еске сала кетейік, «Манчестер Сити» АПЛ-ның 2023/24 маусымында чемпион атанды.