«Манчестер Сити» қарымта кездесуде «Реалды» жеңіп, финалға жолдама алды
17 мамыр түнде Еуропа чемпиондар лигасының финал кездесуіне жолдама алған екінші команда белгілі болды.
«Этихад» жасыл алаңында өткен қарымта кездесуде «Манчестер Сити» мадриттік «Реал» клубынжарыс жолынан ығыстырды.
Пеп Гвардиола шәкірттерінің толықтай бақылауында өткен матч 4:0 есебінде аяқталды.
Осылайша Еуропа чемпиондар лигасының қазіргі чемпионы турнирден ірі есептегі жеңіліспен аяқтаса, «Манчестер Сити» финалға жолдама алды.
Финал 10 маусымда Ыстамбұл қаласында өтеді. Онда «Манчестер Сити» және «Интер» командалары жүлде үшін күреседі.