«Манчестер Сити» Хусановтың трансферін жариялады
«Манчестер Сити» өзбекстандық қорғаушы Абдуқодир Хусановпен 2029 жылға дейін келісімшарт жасасты. Ол 45-ші нөмірде ойнайды.
Манчестер клубы 20 жасар футболшы үшін «Ланс» клубына 40 млн еуро төлейді. Бұл сома бонусдарға байланысты тағы да өсуі мүмкін.
Осылайша, Хусанов Англия Премьер-лигасында ойнайтын алғашқы өзбек футболшысына айналды. Сонымен қатар, Абдуқодир өзбек ойыншылары арасында ең қымбат трансферге айналды. Бұған дейінгі рекорд 2021 жылы «Генуядан» «Ромаға» 18 млн еуроға ауысқан Элдор Шомуродовта болған.

Сонымен қатар, қорғаушы «Ланс» клубының тарихындағы ең қымбат трансферге айналды. Француз клубы Хусановты 2023 жылы шілде айында «Энергетик-БГУ»-дан тек 100 мың еуроға сатып алған еді.