«Манчестер Сити» Чемпиондар лигасынан екі жылға шеттетілді
Клуб басшылығына 30 миллион еуро айыппұл салынған
Англия Кубогы мен Премьер Лиганыңөткен маусым жеңімпазы «Манчестер Сити» еурокубоктардан екі жылға шеттетіліп 30 миллион еуро айыппул салынды.
УЕФА-ның ресми мәлімдемесіне сәйкес «Манчестер Сити» 2012-2016 жылдар аралығындағы демеушілерден алған қаржысын тым асыра көрсетіп, лицензиялық және қаржылық фэйр-плей қағидаларын бұзған және осылайша Футбол қауымдастығын шатастырмақ болған. УЕФА қаржылық бақылау департаментінің дер кезіндегі анықтаған бұл фактілерін «Қалалық» клуб қауымдастықтың мына шешіміне реніш білдіргенмен жағдайды әсерлі қабылдамаған.
УЕФА-ның бұл шешіміне байланысты «Манчестер Сити» Спорттық төрелік сотына (CAS) шағымдана алады.