«Манчестер Сити» алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды
АПЛ-дің «Манчестер Сити» клубы алғаш рет Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.
Ыстамбұл қаласындағы «Ататүрік» алаңында өткен финал ездесуінде «Манчестер Сити» «Интер» клбымен кездесіп, Родридің жалғыз голының арқасында тарихи жеңіске жетті, есеп 1:0.
Осылайша «Қалалықтар» өз тарихында алғаш рет еуропалық теңдесі жоқ клуб атанып, требл де тіркеді. Гвардиола командасы осы маусымда Премьер-Лига мен Англия Кубогын да жеңіп алды.