Мамырдан бастап зейнетақы пластикалық карточкаларға аударылады
Барлық аймақтарда қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін банкоматтар орнатылады
Өзбекстанда карантиндік кезеңде зейнеткерлер мен жәрдемақы алушылардың денсаулығын сақтау мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстарына сәйкес, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін мамыр айынан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны толығымен пластикалық карточкаларға аудару бойынша шаралар қабылданады.
Бұл коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау және жарияланған карантиндік талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Республикалық арнайы комиссия мен арнайы құрамның 2020 жылғы 14 сәуірдегі бірлескен отырысының шешімінде қарастырылған.
Онда айтлуынша барлық аймақтарда қолма-қол ақша алуға мүмкіндік беретін банкоматтар орнатылып, олар нақтылай ақшамен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар нақтылай ақша сақталатын қоймалар мен кассалар аптасына екі рет дезинфекцияланады.
Сондай-ақ, карантин кезеңінде зейнетақы мен жәрдемақы алуға құқығы бар (жерлеу рәсімі және босануына байланысты біржолғы жәрдемақыларды қоса алғанда) азаматтар Зейнетақы қорының аудандық (қалалық) филиалдарына карантин аяқталғаннан кейін 1 ай ішінде жүгінуге құқылы болады.