Мамыр айында Өзбекстанға 500 мыңнан астам шетелдік турист келген
2022 жылдың мамыр айында Өзбекстанға 500 мыңнан астам шетелдік саяхатшы келген.
Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Өзбекстанға мамыр айында келген шетелдік туристер саны 503,6 мыңды құрайды. Олардың басым бөлігі Орталық Азия елдерінен келгендер.
Туристердің шамамен 85 пайызы немесе 427,2 мыңы көршілес үш мемлекет – Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтары.
Өз кезегінде Өзбекстанға Ресейден келетін туристер саны да артып келеді. Дәл осы мамыр айында 47,5 мың ресейлік турист Өзбекстанға саяхаттап келген.