Мамаду Дивара Франция U-19 құрамасынан кетті
Мамаду Дивара ораза ұстауға тыйым салынғанына байланысты Франция U-19 құрамасынан кетті.
Мамаду Дивара ораза ұстауға тыйым салынғанына байланысты Франция U-19 құрамасынан кетті.
Бұған дейін Франция футбол федерациясының президенті Le Figaro басылымына берген сұхбатында ұлттық құрама базасында Рамазан айында ораза ұстауға тыйым салатын жаңа ережелерді жариялаған болатын. Тыйым U-16 жастан бастап барлық жастағы Франция құрамаларына қатысты.
ESPN хабарлауынша, 19 жастағы шабуылшы Лионға қайта оралған, себебі ол жаңа ережелерді ыңғайсыз сезінген. Дивараның орнына Нант қаласынан Демен Ассумани шақырылған.