Мали, Буркина-Фасо және Нигер ЭКОВАС-тан шыққанын жариялады
Мали, Буркина-Фасо және Нигер енді Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығына (ЭКОВАС) мүше емес.
Олардың ұйымнан шыққаны туралы үш елдің әскери әкімшіліктері жексенбі күні Мали мемлекеттік ORTM телеарнасының жаңалықтар эфирінде оқылған бірлескен мәлімдемеде жарияланды.
ЭКОВАС экономикалық қызметтің барлық салаларында, атап айтқанда өнеркәсіп, көлік, телекоммуникация, энергетика, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстар, сауда, валюталық, қаржылық және әлеуметтік-мәдени аспектілердегі экономикалық интеграцияға жәрдемдесу мақсатында 1975 жылы құрылған. Бас кеңсесі Нигерияның астанасы Абуджада орналасқан ЭКОВАС конституциялық тәртіпке қайта оралуды талап еткен әскери күштер үш елде де билікті басып алғаннан кейін Мали, Буркина Фасо және Нигерге қатаң санкциялар салды.