Мальдив президенті Израиль азаматтарын елге кіруіне тыйым салды
Мальдив аралдарының президенті Мохамед Муиззу министрлер кабинетінің ұсынысынан кейін Израиль азаматтарының елге кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы мемлекет басшысының ресми сайтында хабарланды.
Министрлер кабинетінің шешіміне Израиль азаматтарының Мальдив аралдарына кіруіне тыйым салу туралы заңдарға қажетті өзгерістер енгізіліп, үкімет құрамында осы әрекеттерді қадағалайтын комитет құру қарастырылған. Мальдив аралдарының президенті палестиналықтардың қажеттіліктерін бағалау үшін арнайы өкіл тағайындап, БҰҰ-ның палестиналық босқындар жөніндегі агенттігінің қолдауымен қаражат жинау науқанын ұйымдастыруда.
Мальдив Израиль-Палестина қақтығысын шешуді тездету үшін басқа мұсылман елдерімен келіссөздер жүргізгісі келеді. Мальдив аралдарына жыл сайын миллионнан астам турист келеді, ал Израильден келушілер саны 15 мыңға жуық.