Мальдив аралдары туристерді қабылдай бастады
Қазіргі уақытта «Emirates Airlines», «Qatar Airways», «Etihad» және «Turkish Airlines» компаниялары аралға әуе рейстерін жасауда.
Әлемдік туристерді өзіндік табиғат әсемдігімен тамсантқан Мальдив аралдары 15 шілдеден бастам саяхатшыларға есік ашты.
Қазіргі пандемиялық жағдайға қарамай Үнді мұхитындағы аралды ел халықаралық туристерді ешқандай карантиндік шектеусіз қабылдауын мәлімдеген. Одан қалса аралға келушілерден ешқандай виза талап етілмейтіндігі бар.
Қазіргі уақытта «Emirates Airlines», «Qatar Airways», «Etihad» және «Turkish Airlines» әуе компаниялары аралға рейстер жасауда.