English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Малавидегі президенттік сайлауда оппозиция өкілі жеңіске жетті
14:39 / 2020-06-28

Лазарус Чаквера саясатқа келерден бұрын 24 жыл бойы шіркеуде қызмет етіп, Малави Құдайлар Ассамблеясының жетекшісі болған


Малавиде қайтадан өткен президенттік сайлауда оппозициялық Конгресс партиясының жетекшісі Лазарус Чаквера жеңіске жетті.

Ақпан айының басында Малави Конституциялық соты президент сайлауының нәтижелерін жоққа шығарды, онда бұған дейін мемлекетті басқарып келген 78 жастағы Питер Мутарика жеңіске жеткен болатын. Сайлау нәтижелерінің жарамсыз деп табылуының себебі дауыс беру кезінде көптеген заң бұзушылықтар орын алғаны айтылған.

«Times Malawi» басылымының Малави сайлау комиссиясына (MEC) сілтеме жасап таратқан хабарына сай, Президенттік сайлауға халықтың 64,81 пайыз дауыс беріп, содан 58,57 пайызы оппозиция өкілі Чаквере дауыс берген.

Лазарус Чаквера саясатқа келерден бұрын 24 жыл бойы шіркеуде қызмет етіп, Малави Құдайлар Ассамблеясының жетекшісі болған. Ол 2013 жылы ассамблея құрамынан шығып, Конгресс партиясына қосылады да, кейін президенттікке үміткер боған. 2014 жылғы президенттік сайлауларда Питер Мутарика мен таласқа түсіп аз дауыс жинаған еді.