Малави вице-президенті ұшақ апатынан қаза тапты
Малави вице-президенті Саулос Чилима ұшақ апатынан қаза тапты.
The Sun газетінің хабарлауынша, ұшақ апатынан Малави вице-президенті мен бірге ұшақ бортында болған 9 адамныі бәрі көз жұмған.
«Вице-президент, құрметті доктор Саулос Клаус Чилиман мінген ұшақ бүгін таңертең Чикангава орманынан табылды. Өкінішке орай, ұшақ бортындағы адамдардың барлығы қаза тапты», - деп хабарлады президент әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Малави басшысы Лазарус Чаквера бүгіннен бастап жерлеу рәсіміне дейін ұлттық аза тұту жариялады. Қайғылы оқиға болған лайнер бортында 1994-2004 жылдар аралығында елді басқарған Бакили Мулузидің әйелі Патриси Шанил Мулузи де болған.