Малави мен Мозамбикте «Фредди» дауылынан 100-ден астам адам қаза тапты
Малави мен Мозамбикте орын алған «Фредди» тропикалық циклоны салдарынан 104 адам қаза болды.
Малави Табиғи апаттарды басқару департаменті (DoDMA) хабарлауынша, дауыл соққан қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны мен көшкіннің салдарынан елде 99 адам қаза тауып, 16 адам із-түзсіз жоғалған. Ең көп өлім Блантайр округінде тіркелді - 85.
Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, зардап шеккендерге арналған 39 лагерь ұйымдастырылды.
Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, дауыл құрсауында болған Мозамбикте бес адам қаза тапқан.
«Фредди» тропикалық циклоны 11 наурыз, сенбі күні Малави мен Мозамбик аумағына соғылған. Оған дейін Мадагаскарды циклон басып, төрт адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Дауыл күші сәрсенбіге қарай әлсіреп, Үнді мұхитына қайта оралады деп күтілуде.